«Барыс» жастар командасы Батыс Қазақстанға сапарын өткен маусымның финалисі «Жас Батырға» қарсы қос ойынмен бастап, екеуінде де жеңіске жетті. Бірінші матчта Даниал Шакшакбаев пен Әмір Ғафуров дубль авторы атанса, Арыстан Амырканов пен Рахымбек Мейірман үш реттен әріптестеріне нәтижелі пас берді. Арсений Кучковский 21 соққыға тосқауыл болды.
«Жас Батыр» - «Барыс» 1:5 (0:1, 1:2, 0:2)
0:1 - 08:25 - Шакшакбаев (Оразбаев)
1:1 - 20:39 - Киселёв (Мухамедияров, Еркінов)
1:2 - 23:02 - Шакшакбаев (Амырканов, Мейрман)
1:3 - 29:38 - Гафуров (Мейірман, Быков)
1:4 - 41:27 - Кенжегали (Тұрсынов, Амырканов) СБШ
1:5 - 48:22 - Гафуров (Мейірман, Амырканов)
Қақпашылар: Еркинов – Кучковский
Екінші кездесудің басын атыраулықтар өз есептеріне жазған. Алайда қарай астаналық ұжым басымдықты өз қолына алып, таразы басын өз жағына бұра алды. Егор Левковец жеңіс шайбасының авторы атанды. Қақпашы Никита Кулаков 35 соққыны кері қайтарды.
«Жас Батыр» - «Барыс» 2:4 (2:1, 0:0, 0:3)
1:0 - 01:58 - Контуганов (Садыков, Игнатов)
2:0 - 04:54 - Контуганов (Игнатов)
2:1 - 14:10 - Амырканов (Масен, Шарапов)
2:2 - 44:58 - Шарапов (Шакшакбаев, Мейірман) СБШ
2:3 - 49:17 - Левковец (Макаров, Кенжегали)
2:4 - 59:46 - Кенжегали (Амырканов, Оразбаев) БҚ
Қақпашылар: Костоев – Кулаков
Чемпионаттың 12 ойынында Ринат Омарбеков шәкірттері 20 ұпай еншіледі. Бүгінде бұл нәтиже Лиганың турнирлік кестесінде сенімді түрде екінші орында тұруға мүмкіндік беріп тұр. Алда команда Оралда және Ақтөбеде кездесулер сериясын өткізеді.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.