Қыс мезгілінің алғашқы матчында «Барыс» сырт айдында ЦСКА-ға қарсы ойнады. Қазақстандық ұжымның бапкерлері бірінші және екінші бестікке өзгеріс енгізіп, Кирилл Панюков пен Антон Бурдасовтың орындарын алмастырды. Сонымен қатар, төртінші бестіктегі Дінмұхамед Қайыржан мен Всеволод Логвиннің орнын Михаил Рахманов пен Руслан Оспанов басты.
Ойынның алғашқы бөлігі айдын иелерінің айқын басымдығымен өтті. Олар біртіндеп қысымды күшейтіп, Никита Бояркин қорғаған қақпа алдында қауіпті шабуылдар жасай бастады. Алдымен Руслан Исхаков сан басымдығы кезінде қарсылас қақпасын сынақтан өткізіп көрді. Арада бірнеше минут өткенде Максим Мамин есеп ашты. Екінші кезеңде де ойын суреті өзгерген жоқ. Кезең аяқталар тұста астаналықтар қақпасына тағы бір шайба соғылған. Алайда қатарынан екінші ойында қазақстандық ұжым бапкерлерінің сұранысы қанағаттандырылып, таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды.
Алайда үшінші жиырма минуттықтың басында Егор Фатеев «Барыс» қақпасына екінші шайбаны соқты. Ойынның аяқталуына аз қалғанда Антон Бурдасов тоғызыншы кезең дегенде командасының алғашқы шайбасы соқты. Алайда бұл шабуыл ойынның қорытынды нәтижесіне әсер еткен жоқ. Матч нүктесін Константин Окулов қойды.
4 желтоқсанда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері өз айдынында мәскеулік «Спартакты» қабылдайды.
ЦСКА - «Барыс» 3:1 (1:0, 0:0, 2:1)
1:0 – 10:47 – Мамин (Афанасьев, Исхаков)
2:0 – 40:21 – Фатеев (Мамин, Охотюк)
2:1 – 55:39 – Бурдасов (Әсетов, Өмірбеков)
3:1 – 57:47 – Окулов (Дроздов, Каменев)
Қақпашылар: Просветов – Бояркин
«ЦСКА Арена». 8924 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.