alt

BARYS FANS

Барыс фан-клубы командаға 2008 жылдан бастап қолдау көрсетіп келеді. Жанкүйерлер мұз айдындағы «алтыншы ойыншы» бола отырып, команданы матчтарда алға жетелейді. Хоккейшілер мен аренаға жиылған жандарға жағымды көңіл-күй сыйлап, командаға жеңіск жетуге көмектеседі.

АРЕНАДАҒЫ BARYS FANS МЕКЕНІ - 13-СЕКТОР

Аренадағы «BarysFans» мекені - 13-сектор. Креативті жанкүйерлер ән, түрлі ұрандарды айтып, билеп қоймай, ойынның сәнін келтіретін түрлі перфоманс ұйымдастырып, БАҚ өкілдерін назарын аударады.
alt
alt

АСТАНАНЫҢ ӘУЕСҚОЙЛАР ЛИГАСЫНДА ӨНЕР КӨРСЕТЕМІЗ

Одан бөлек, «BarysFans» кейбір мүшелері өздері хоккей ойнайды. Олар Астананың әуесқой лигасында ойнап, әрдайым көшбасшылар қатарынан табылады. Бірқатар қазақстандық және халықаралық жарыстардың жеңімпазы мен жүлдегері атанды. ҚХЛ өзге командалары фан-клубтары арасындағы матчтарға тұрақты түрде қатысады.
alt
«BARYSFANS» СҮЙІКТІ КОМАНДАСЫНА АСТАНАДА ҒАНА ЕМЕС, СЫРТ АЙДЫНДАҒЫ МАТЧТАР КЕЗІНДЕ ДЕ ҚОЛДАУ КӨРСЕТЕДІ
Біз сайттың жаңа нұсқасын сынап жатырмыз, егер қате тапсаңыз, онда бізге жаз