Барыс буллиттер сериясында Автомобилиске есе жіберді
07 Қаңтар 2025

Барыс буллиттер сериясында Автомобилиске есе жіберді


«Барыс» кезекті сырт айдындағы ойындар сериясын «Автомоблиспен» кездесумен қорытындылады. «Барыс» БЖСМ түлегі Николай Шульга Құрлықтық хоккей лигасындағы дебюттік матчын өткізді. Жастар арасындағы әлем чемпионатында өнер көрсеткен Бейбарыс Оразов құрамға қайта оралды. 

Ойын есебі төртінші минуттың соңына қарай ашылды. Жағдайда өзгелерден жылдамырақ бағалай білген Алексей Бывальцев қақпа артынан соққы жасап, шайба авторы атанды. Айдын иелері бұған қарымта шабуылмен жауап қайтарды. Кирилл Савицкий гол соғу барлығын дұрыс жасағандай көрінген, алайда соңғы сәтте «Автомобилисті» Владимир Галкин құтқарды.

Астаналықтардың бірнеше матчтан бергі алғашқы шайбасын екінші кезеңнің ортасындағы сан басымдығын жүзеге асырған Әділ Бекетаев соқты. Ойындағы екінші үзіліске дейін екатеринбургтік команда есепте алға шығып үлгерді – Семен Кизимов артық құрамдағы ойын кезінде көзге түсті. Никита Сетдиков елордалық ұжымды негізгі уақытта жеңіліс табудан құтқарды. Овертаймда айдын иелері үш қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, Галкиннен айласын асыра алмады. Ал буллиттер сериясында «Автомобилист» ойыншылары дәлірек болды.

9 қаңтарда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері Тольяттиде «Ладаға» қарсы ойнайды.

 «Барыс» - «Автомобилист» 2:3 Б (0:1, 1:1, 1:0, 0:0, 0:1)

0:1 – 03:55 – Бывальцев (Блэкер, Трямкин)

1:1 – 30:21 – Бекетаев CБШ

1:2 – 39:18 – Кизимов (Шаров, Мэйсек) СБШ

2:2 – 54:38 – Сетдиков (Антипин)

2:3 – 65:00 – Голышев Б

Қақпашылар: Бояркин – Галкин

«Барыс Арена». 4 467 көрермен

DSC_2468.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
22 фото
Barys

Амур - Барыс

new-preview
7 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 4-күн

new-preview
16 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 3-күн