Сырт айдындағы матчтар сериясының екінші ойынында «Барыс» «Авангардпен» кездеседі.
Сергей Звягин бастаған команда соңғы бес матчтың төртеуінде жеңіліс тапқан. Бейсенбі күні «Авангард» өз айдынында «Локомотивке» қарсы өткізген матчында есептегі айқын басымдығын сақтап қала алмады (3:5). Үшінші кезеңнің басына қарай омбылықтар Рид Бушенің дублі мен Михаил Гуляевтің дәл соққысының арқасында ойында көш бастап тұрған. Алайда қорытынды кезеңде ярославілік команда төрт гол соғып, айқын басымдыққа ие болды. Айдын иелерінің қақпашысы Павел Хомченко 25 соққыны кері қайтарды. «Авангард» бас бапкері үшінші жиырма минуттықтың басында соғылған жылдам екі шайба ойыншыларына психологиялық тұрғыдан қатты соққы жасағанын айтты.
Ең басты жұлдызы Владимир Ткачёвсіз өнер көрсетуге мәжбүр омбылық команда 9 ұпай олжалаған. 19-нөмірлі жейдеде өнер көрсететін ойыншының жоқтығы кезінде көшбасшылық міндетін Линден Вей (2+8) мен чемпионаттың ассистенттері мен сұрмерген-қорғаушыларының үздік бестігіне кіретін Дамир Шарипзянов (1+9) алды. Қақпашы Михаил Бердин жарақат алған ойыншылар тізімінде.
«Барыс» өткен турда Мәскеуде ойнап, Батыс конференциясы көшбасшыларының бірі «Спартакпен» күреске толя кездесу өткізді. Ойын барысында астаналықтар үш шайба айырмашылығямен жеңіліп жатқан, алайда Антон Бурдасов пен осы маусымдағы алғашқы шайбасын соққан Даниил Апальковтің арқасында (екеуі де 1+1) есеп айырмасын қысқарта алды. Станислав Бочаров, Никита Сетдиков пен Илья Хохлов қазақстандық команда сапындағы дебюттік матчтарын өткізді. Никита Бояркин 25 соққыны кері қайтарды. Вячеслав Буцаев командасының қажетті бағытта жүріп келе жатқанын айтты.
12 матчта «Барыс» 5 ұпай олжалады. Команданың үздік сұрмергені – Майкл Маклауд (2+2). Омбыда командаға Роман Старченко қосылды. Кеше астаналықтар Алекс Грантпен келісімшарт жасасқанын мәлімдеді. Қорғаушы осы аптаның соңында Қазақстанға келіп, осы сырт айдындағы матчтар сериясынан кейін командаға қосылады.
«Авангард» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.
Кездесуді Qazsport және KHL телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.