Қалай Барыс БЖСМ тәрбиеленушісі атануға болады?
Қиын ештеңесі жоқ. Баланы мектепке қабылдауға өтініш жазып, дәрігердің балаға хоккеймен айналысуға рұқсат еткені туралы медициналық анықтамасын тапсыру керек.
Баланы неше жастан бастап хоккейге беруге болады?
Қазіргі таңдау баланы мектепке қабылдау 5 жастан бастап жүзеге асырылады. Қазір мектептің ең жас тәрбиеленушілері 2019 жылы дүниеге келген.
8-9 жастағы бала мектеп тәрбиеленушісі атана ала ма?
Иә, әрине. Бірақ ол өз құрдастары - біздің тәрбиеленушілерімізден қалыспауы керек.
БЖСМ тәрбиеленушісі болғымыз келеді, бірақ басқа қалада тұрамыз. Мектепке түсуге мүмкіндік бар ма?
Мүмкіндік бар. Бала бізде сынақ қаралымынан өтеді. Бәрін бапкерлер шешеді. Бала барлық критерийге сай келсе, болды. Әрине, ата-анасы елордаға көшуге дайын болса.
БЖСМ елордадағы және басқа қалалардағы спорт мектептерімен серіктес пе? Егер сондай болса, қай мектептермен және қандай жолмен?
Бізде №10 БЖМСМ - Астана әкімдігіне қарасты №10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебімен серіктестік туралы меморандум бар. Оның негізінде негізгі құрамға енбеген ойыншыларымызды мектепке береміз, өйткені балалар ойын тәжірибесін жоғалтпауы керек. Онда да олар Қазақстан мен Ресей чемпионаттарына қатысады.
Мектепке қабылдауда балаға қойылатын басты талап қандай?
Бастысы - денсаулық. Дәрігер жаттығуларға қатысуға рұқсат беруі қажет.
Мектептегі оқу бағасы қанша?
Оқыту тегін. Бапкерлер еңбегі мен жалдау құнын клуб төлейді.
Жаттығулар қанша уақытқа созылады?
Орта есеппен жаттығулар бір жарыс сағатқа созылады. Бұл - мұз айдынындағы жаттығу. Одан бөлек, құрғақ жерде және мұздан кейін жасалатын жаттығулар бар.
Жаттығулар мен турнирлердің мектептегі сабақпен қатар келу мәселесі қалай шешіледі?
Күнтізбені турнирлердің каникул және демалыс күндері өтетіндей етіп жасауға тырысамыз. Жалпы білім беру орта мектептерінен балалардың жарысқа баруына жағдай жасауын сұрайтын кездер де болады. Оған қоса, барлық бала мектептегі үлгерімнің де жақсы болуы керектігін біледі. Ал жаттығулар балалардың күн тәртібіне қарай құрылады. Таңғы кезекте оқитын оқушылар түстен кейін жаттықса, түстен кейін оқитындар жаттығуға таңертең келеді.
БЖСМ бапкерлері қалай іріктеліп алынады?
Кәсіби деңгейде біраз жыл өнер көрсеткен және арнайы спорттық білімі бар мамандар іріктеліп алынады.
Ата-аналардың жаттығуға қатысуына қатысты қандай ережелер бар?
Ата-аналар балаларын жаттығуға әкелуі керек. Ал жаттығудың өзіне олар қатыса алмайды, өйткені баланың назары бөлінеді. Бұл Қазақстандағы, Ресейдегі қарапайым тәжірибе. Ата-аналар жаттығу процесін бақылай алатын арнайы теледидар бар.
Форма бағасы қандай және оны қайдан сатып алу керек?
Кішкентай балаларға бұрын қолданыста болған форманы сатып алуға болады. Оның бағасы 50-100 теңге аралығында. Бұл жаста балалар тез өседі, сондықтан бір жылға жаңа форма сатып алудың керегі жоқ. Қазір түрлі талғам мен бағаға форма сатып алуға болатын арнайы дүкендер көп. Бастысы - балаға ыңғайлы, жайлы болуы.