Барыс-2008 Қазақстан чемпионатының үшінші турында жеңіске жетті
26 Ақпан 2024

Барыс-2008 Қазақстан чемпионатының үшінші турында жеңіске жетті

БЖСМ

WhatsApp Image 2024-03-07 at 14.55.41.jpeg

Қарағандыда «Ең мықтылар» (орыс. «Сильнейшие») тобында 2008 жылы туған жасөспірімдер арасында шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионатының үшінші туры өтті.

Чемпионат марапаттары үшін күресті алты команда жалғастыруда. «Барыс-2008» жаттықтырушылары Рамазан Қайдаров пен Дмитрий Колодюктің жетекшілігімен команда соғылған және жіберіп алған шайбалардың 38-5 айырмашылығымен барлық кездесулерде жеңіске жетті.

Үш турдың қорытындысы бойынша біздің команданың активінде 45 ұпай жиналды. Сондықтан турнир кестесінде сенімді бірінші орында тұрмыз. Екінші орынды «Астана» (28 ұпай) иеленді, ал көшбасшылар үштігін «Торпедо» командасы (26 ұпай) тамамдап тұр.

«Барыс-2008» шабуылшылары Таир Бигаринов (7+3) және Ануар Ахметжанов (5+5) турнирдің ең нәтижелі ойыншыларының қатарына кірді.

Рамазан Қайдаров, «Барыс-2008» аға жаттықтырушысы

- Тур негізі тыныш өтті. Барлық командаларды айқын артықшылықпен жеңдік. Нөлге екі матч өткізілді, ойыншылардың өздері нәтижелі ойын көрсетті. Жалпы ойынды жақсарту үшін тактикалық схемаларды қолданып көрдік. Негізінен бәрі ойдағыдай шықты. Есеп бойынша жақын қарсыластардан әжептәуір алшақтыққа қол жеткіздік. Енді төртінші турға дайындаламыз.

Барыс-2008 тур 3.jpg

«Барыс» ХК Бас серіктесі – «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ




Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн