1-2 қазан күндері «Барыс» жастар командасы ішкі біріншілік аясында өз айдынындағы алғашқы матчтарын өткізді. Ринат Омарбековтің шәкірттері Қазақстан чемпионатының дебютантына қарсы қос матчта да сенімді ойын өрнегін көрсетті.
Бірінші кездесудің алғашқы кезеңінде-ақ астаналықтар қарсылас қақпасынан бес рет саңылау тапты. Әрі қарай есеп айырмасы ұлғая түсті. Егор Левковец 5 (2+3) ұпай олжалап, матчтың ең нәтижелі ойыншысы атанса, Рахимбек Мейірман мен Александр Перкин (екеуі де 2+2) төрт ұпайдан еншіледі.
«Барыс» - «Ташкент Селект» 9:2 (5:2, 2:0, 2:0)
0:1 - 03:50 – Ғайниахметов Э. (Демьянов) КҚШ
1:1 - 06:13 - Мейірман (Левковец, Шимин) СБШ
1:2 - 07:50 – Ғайниахметов Б. (Фещук, Гайниахметов Э.)
2:2 - 08:45 - Ищенко
3:2 - 09:54 - Мейірман
4:2 - 15:09 - Перкин (Шимин, Левковец)
5:2 - 18:55 - Левковец (Перкин, Мейрман)
6:2 - 26:26 - Рузбакиев (Дурглишвили, Тілеухан)
7:2 - 37:25 - Гафуров (Ищенко)
8:2 - 44:02 - Перкин (Турсынов, Левковец) КҚШ
9:2 - 59:42 - Левковец (Перкин, Мейірман)
Қақпашылар: Кулаков (Сапаргалиев, 40:00-60:00) - Максимов (Егупов, 15:09-60:00)
Кешегі матчта астаналық команда қарсылас қақпасына үш шайба ұйымдастырған екінші кезең шешуші рөл ойнады. Онисим Ищенко дубль жасап, көзге түсті.
«Барыс» - «Ташкент Селект» 3:1 (0:0, 3:0, 0:1)
1:0 - 21:17 - Ищенко (Шимин, Кучковский) СБШ
2:0 - 31:51 - Дронов (Ищенко, Дурглишвили)
3:0 - 34:08 - Ищенко (Гафуров, Крутский) КҚШ
3:1 - 57:21 - Хайруллин (Мирзабаев)
Қақпашылар: Кучковский – Егупов
Осы қос матчта еншілеген төрт ұпайдың арқасында «Барыс» Jastar Ligasy турнирлік кестесінде үшінші орынға көтерілді. 7-8 қазанда Ринат Омарбеков бастаған команда өз айдынында Рудныйдың «Горняк» командасын қабылдайды.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.