«Барыс» Қазақстан жастар чемпионатындағы маусымын өз айдынындағы «Құлагерге» қарсы матчтармен жалғастырды. Алғашқы ойынды Владимир Завьялов шәкірттері белсенді бастап, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Астаналық команда сапынан Адият Масен дубль жасаса, Темірлан Китаров, Александр Симахин, Эмир Рузбакиев пен Алдияр Қалелхан бір шайбадан соқты.
«Барыс» - «Құлагер» 6:3 (2:0, 2:1, 2:2)
1:0 - 10:29 - Масен (Цой, Трифонов)
2:0 - 17:10 - Китаров (Шапоров) СБШ
3:0 - 20:08 - Симахин
3:1 - 29:53 - Комиссаров (Седов)
4:1 - 37:25 - Масен (Қалелхан, Трифонов)
4:2 - 48:40 - Горбань (Комиссаров, Фролов)
4:3 - 49:21 - Фрукалов (Литвинцов)
5:3 - 49:51 - Рузбакиев (Масен)
6:3 - 59:50 - Калелхан БҚ
Қақпашылар: Сапарғалиев (Кулаков, 49:21-60:00) - Елхимов (Валентюкевич, 20:08-60:00)
Командалардың екінші матчы да елордалық ұжымның басымдығымен өтіп, команда биылғы тұрақты маусымдағы 15-жеңісіне қол жеткізді. Айдын иелерінің шабуылшысы Таир Бигаринов (2+1) кездесудің ең нәтижелі ойыншысы атанды. Сонмин Цой, Никита Гридасов, Әділхан Саттар, Егор Левковец, Амир Гафуров пен Ратимир Трифонов та өздерінің снайперлік есептерін толықтырды.
«Барыс» - «Кулагер» 8:4 (3:1, 3:0, 2:3)
1:0 - 14:32 - Цой
1:1 - 15:39 - Шадрин
2:1 - 17:45 - Гридасов (Бигаринов, Алдоңғар)
3:1 - 19:21 - Саттар (Мырзатаев)
4:1 - 30:49 - Левковец (Шапоров, Гафуров) СБШ
5:1 - 31:20 - Бигаринов (Бигаринов, Крутский)
6:1 - 38:28 - Гафуров (Левковец, Перкин) СБШ
6:2 - 40:54 - Фрукалов КҚШ
7:2 - 42:24 - Трифонов (Котлобаев)
7:3 - 44:48 - Серикбулатов (Фрукалов, Шадрин) СБШ
8:3 - 48:42 - Бигаринов (Крутский, Гридасов)
8:4 - 57:49 - Рыбин (Комиссаров, Заруцкий) СБШ
Қақпашылар: Кулаков (Кучковский, 40:00-60:00) - Гиганов (Валентюкевич, 40:00-60:00)
Тұрақты маусымның 22 матчында «Барыс» 31 ұпай олжалады, сөйтіп елордалық ұжым турнирлік кестеде үшінші орында тұр. Астаналықтар келесі ойындарын 5-6 желтоқсан күндері өз айдынында «Арланға» қарсы өткізеді.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.