Барыс чемпионаттағы 25-жеңісіне қол жеткізді
09 Қаңтар 2025

Барыс чемпионаттағы 25-жеңісіне қол жеткізді

DSC_3605.JPG

Жаңа жылдың алғашқы ойындарында «Барыс» өз айдынында «Астананы» қабылдады.

Бірінші кездесуде Владимир Завьялов шәкірттері үш шайба айырмашылығымен жеңіліп жатқанымен, негізгі уақытта қарсыласына есе жіберген жоқ. Ойын овертаймға ұласып, қосымша бес минутта «Астана» мықтырақ болды. Командамыз сапынан Егор Кравченко, Матвей Решетько, Кирилл Крутский, Егор Левковец пен Таир Бигаринов шайба соқты.

 «Барыс» - «Астана»5:6 ОТ(0:2, 2:0, 3:3, 0:1)

0:1 - 01:15 - Фрукалов (Шегебаев) СБШ

0:2 - 17:29 - Шевченко (Шукелов)

1:2 - 26:43 - Кравченко (Решетько, Левковец) СБШ

2:2 - 32:08 - Решетько (Левковец) КҚШ

2:3 - 42:06 - Шукелов (Шегебаев)

2:4 - 43:10 - Фрукалов

2:5 - 44:31 - Селезнев (Аманғалиев, Бекеев)

3:5 - 47:28 - Крутский (Решетько, Бигаринов)

4:5 - 49:08 - Левковец (Киреев)

5:5 - 56:14 - Бигаринов

5:6 - 61:47 - Фрукалов (Шевченко)

Қақпашылар: Кучковский (Сапарғалиев, 17:29-61:47) - Куат

DSC_3654.JPG

Екінші матчта да жеңімпаз қосымша уақытта анықталды. Бұл жолы овертаймның аяқталуына аз уақыт қалғанда дубль авторы атанған Аристарх Киреев айдын иелеріне екі ұпай сыйлады. Тағы бір шайбаны Егор Левковец өз есебіне жазды. Бұл – командамыздың биылғы чемпионаттағы 25-жеңісі.

 «Барыс» - «Астана» 3:2 ОТ (0:0, 0:1, 2:1, 1:0)

0:1 - 33:49 - Сатемиров (Сулейменов)

1:1 - 40:30 - Левковец (Бигаринов, Кравченко) СБШ

1:2 - 41:25 - Шевченко (Селезнев, Фрукалов) СБШ

2:2 - 56:26 - Киреев (Бигаринов)

3:2 - 64:31 - Киреев СБШ

Қақпашылар: Сапарғалиев – Куат

Маусымның 36 ойынында Владимир Завьялов бастаған команда 52 ұпай олжалап, турнирлік кестеде екінші орында келеді. 11-12 қаңтар күндері «Барыс» өз айдынында «Карметті» қабылдайды.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
110 фото
Barys

Барыс - СКА

video-preview
Barys

«Барыс» | Фитнес жаттықтырушысы Евгений Шаников

new-preview
Barys
Nomad

Қазақстан құрамасы қысқы Азиаданың ширек финалында Гонконгпен ойнайды