«Барыс» сырт айдындағы ойындар сериясының нүктесін Владивостокта қойды. Ойынның алғашқы бөлігі айдын иелерінің айқын басымдығымен өтті. Шейн Принс кездесудің бесінші минутында есеп ашып үлгерді. Сәлден соң Даниил Гутик сан басымдығын жүзеге асырды. Екінші кезеңде Егор Петухов буллит соққысын сәтті орындаған, алайда арада бір минутқа жетпейтін уақыт ішінде астаналықтар Михаил Рахмановтың арқасында есеп айырмасын қысқарта білді. Бұл нәтижелі шабуылға Станислав Бочаров қатысып, ҚХЛ-дағы 150-пасын өз есебіне жазды. Сондай-ақ, қорғаушы Аслан Жүсіпбеков «Барыс» жейдесіндегі алғашқы нәтижелі ұпайын еншіледі.
Қазақстандық ұжымның камбэі үшінші кезеңде жалғасын тапты. Дінмұхамед Қайыржан қарымта шабуылдың нүктесін қойса, Иван Николишин «5-ке 4» форматындағы ойын кезінде көзге түсті. Осы екі голдың да соғылуына Саян Данияр қатысып, ҚХЛ-дағы алғашқы ұпайларын олжалады. Алайда овертаймның аяқталуына 19 секунд қалғанда айдын иелері Александр Шепелевтің шайбасының арқасында жеңісті жұлып алды. 13 ақпанда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері өз айдынында СКА командасын қабылдайды.
«Адмирал» - «Барыс» 4:3 ОТ (2:0, 1:1, 0:2, 1:0)
1:0 – 04:11 – Принс (Дерябин)
2:0 – 13:38 – Гутик (Петухов, Старков) СБШ
3:0 – 27:22 – Петухов Б
3:1 – 28:07 – Рахманов (Бочаров, Жүсіпбеков)
3:2 – 50:11 – Кайыржан (Данияр)
3:3 – 53:26 – Николишин (Сетдиков, Данияр) СБШ
4:3 – 64:41 – Шепелев (Гутик)
Қақпашылар: Мишуров - Бояркин
«Фетисов Арена». 4 909 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.