Сіздердің назарыңызға «Барыс» хоккей клубының жаңа логотипін ұсынамыз.
Логотип фирмалық белгіден және бірегей графикалық жазудан тұрады. Логотиптің барлық бөліктері белгілі бір пропорцияда және бір-біріне қатысты белгілі кезекте орналастырылған.
Фирмалық белгінің негізі - қар барысының бейнесі. Белгінің жоғарғы бөлігіндегі теңбіл паттерн елорданың басты көрікті жерлерін бейнелейтін графикалық элементтерден тұрады: Бейбітшілік және Келісім Сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті және «Барыс-Арена» спорт кешені.
Орталық графикалық элемент табиғи стихияларды бейнелейтін дәстүрлі қазақ ою-өрнектерінің үлгісі бойынша жасалған және дала желінің динамикасына сілтеме жасайды. Логотип Қазақстан туының аспан-көк және алтын түстерінде жасалған.
Жанкүйерлер 16 тамыз күні сағат 19:00-де «Барыс-Аренада» өтетін «Барыс» - «Автомобилист» матчы ашылуының алдында болатын шоудан толығырақ білетін болады.
Сондай-ақ, жақын арада сіз біздің жаңа фирмалық стилімізбен және алдағы маусымға арналған шығармашылық тұжырымдамамен таныса аласыз.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріңіз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.