Барыс жеңілістер сериясын үзе алмай келеді
05 Қаңтар 2025

Барыс жеңілістер сериясын үзе алмай келеді

DSC_1855.jpg

Жаңа жылыдң алғашқы матчын Барыс» өз айдынында өткізіп, «Ладаны» қабылдады. Команда құрамына «Салавта Юлаевпен» матчқа қатыспаған Иван Николишин қосылды. Алғашқы минуттардан бастап қақпа қорғау міндеті Никита Бояркинге тапсырылды.

Ойынның алғашқы бөлігі толяьяттиіліктер үшін сәтті болды. Данил Юртайкин мен Егор Черников 28 секунд айырмашылығымен қарсыласының қателігін ұтымды қолданып, астаналық команда қақпасына екі шайба соқты. Үзіліске аттануға бір минут уақыт қалғанда Денис Баранцев алғашқы сан басымдығын жүзеге асырды. «Барыс» бұл кезеңде Антон Бурдасов пен Әлихан Өмірбековтің арқасында екі жақсы қарымта шабуыл ұйымдастырды. Алайда тольяттилік команда қақпасына төнген қауіптің бірден бетін қайтарды.

Ойынның екінші бөлігінде айдын иелері айқын басымдыққа ие болғанымен, шайба Александр Трушковтың қақпасына кірмеді. Қарсылас болса, өз мүмкіндіктерінің бірін жүзеге асырды. Александр Волков командасының үзіліске 0:4 есебімен аттануына жағдай жасап берді. Ал үшінші кезеңнің басында Черников дубль авторы атанды, осыдан соң жанкүйерлерлер нәтижелі шабуыл көрген жоқ.

7 қаңтарда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері өз айдынында «Автомобилисті» қабылдайды.

 «Барыс» - «Лада» 0:5 (0:3, 0:1, 0:1)

0:1 – 03:52 – Юртайкин (Шараканов, Михайлов)

0:2 – 04:20 – Черников (Кугрышев)

0:3 – 19:00 – Баранцев (Михайлов) СБШ

0:4 – 37:49 – Волков (Кугрышев)

0:5 – 41:26 – Черников (Кугрышев)

Қақпашылар: Бояркин – Трушков

«Барыс Арена». 4 467 көрермен

DSC_1837.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
22 фото
Barys

Амур - Барыс

new-preview
7 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 4-күн

new-preview
16 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 3-күн