Барыс қатарынан екінші матчта жеңіліс тапты
02 Ақпан 2025

Барыс қатарынан екінші матчта жеңіліс тапты

D52I8770.jpg

«Барыс» сырт айдындағы матчтар сериясының екінші ойынында «Амурмен» кездесті. 5 қазаннан бері алғаш Юхан Маттссон алғашқы минуттан бастап қақпа қорғады. Кеше Новосібірде өткен Шақыру Кубогына қатысқан қорғаушы Бейбарыс Оразов құрамға қосылды.

Ойынның алғашқы бөлігінде айдын иелері екі нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Шайба авторлары – Иван Мищенко мен қақпа алдында сәтті ойнаған Константин Барулин. Осы екі шайбаның арасында Дамир Жафяров қақпашымен бетпе-бет шыққан, алайда астаналық команданың 88-нөмірлі жейдедегі шабуылшысы Шаймардановтан айласын асыра алмады.

Екінші кезеңде астаналықтар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырған. Артур Гросс пен Семен Симонов қарсылас қақпасына қарай соққы жасаған, алайда шайба бағанадан бірнеше сантиметрге қисық кетті. Никита Сетдиков жеке шеберлігімен қарсылас ойыншыларын алдап өткенімен, «Амур» қақпашысы сенімді ойын өрнегін көрсетті. Қарсыластың қысымына шыдас көрсете білген айдын иелері Барулиннің, Артур Гиздатуллин мен Девин Броссоның дәл соққыларының арқасында таблодағы көрсеткішті 5:0-ге жеткізді. 

4 ақпанда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері Владивостокта «Адмиралға» қарсы ойнайды.

 «Амур» - «Барыс» 5:0 (2:0, 3:0, 0:0)

1:0 – 13:04 – Мищенко (Талалуев, Брынцев)

2:0 – 17:32 – Барулин (Гальченюк, Гуркин)

3:0 – 37:25 – Барулин (Броссо, Мищенко)

4:0 – 38:42 – Гиздатуллин (Талалуев, Рыжиков)

5:0 – 39:59 – Броссо (Коротких)

Қақпашылар: Шаймарданов – Маттссон

«Платинум-Арена». 7 100 көрермен

D52I8914.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі  - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
14 фото
Barys

Сибирь - Барыс

new-preview
15 фото
Barys

Амур - Барыс

new-preview
Barys

Кирилл Панюков ҚХЛ-дағы 350-кездесуін өткізді