«Барыстың» бес матчқа жалғасатын өз айдынындағы ойындар сериясындағы алғашқы қарсыласы СКА командасы болды. Астаналықтар кезекті ойынға тәуекелге толы құрамды ұсынды. Команданың құрамына бірден тоғыз жас ойыншы енді. «Снежные Барсы» командасының 18 жастағы қорғаушылары Мстислав Шипилин, Марат Сағымбаев пен Санжар Ибрагим ҚХЛ-дағы алғашқы матчтарын өткізді.
Айдын иелері бірінші кезеңнің ортасында есеп ашты. Батырлан Мұратов қарсылас қақпашысының қателігін ұтымды пайдаланып, Егор Заврагинді шарасыз күйде қалдырды. Алайда СКА алғашқы үзіліске дейін есепте алға шығып үлгерді. Шайба авторлары – Михаил Воробьев пен Сергей Сапего. Екінші жиырма минуттықтың басында Михаил Григоренко өз командасының басымдығын арттыра түсті. Сәлден кейін Михаил Рахмановтың сан басымдығы кезінде жасаған соққысы қақпа маңдайшасына тиді. «Барыс» кем құрамда ойнап жатқан кезде қақпашымен бетпе-бет шыққан Дінмұхамед Қайыржан өз мүмкіндігін жүзеге асыра алмады.
Никита Сетдиков есеп айырмасын бір шайбаға дейін қысқартып, ҚХЛ-дағы жүзінші ұпайын еншіледі. Алайда кездесу соңын Роман Ротенберг бастаған команда өз есебіне жазды. Марат Хайруллин мен Григорий Кузьмин матчта жалпы 41 соққыны кері қайтарған Никита Бояркин қорғаған қақпаны дәл көздеді. 15 ақпанда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері өз айдынында «Ладаны» қабылдайды.
«Барыс» - СКА 2:5 (1:2, 0:1, 1:2)
1:0 – 11:06 – Мұратов
1:1 – 16:14 – Воробьёв (Алистров, Педан)
1:2 – 17:54 – Сапего (Демидов, Никишин)
1:3 – 24:37 – Григоренко (Хайруллин, Педан)
2:3 – 43:17 – Сетдиков (Жафяров, Хохлов) СБШ
2:4 – 51:31 – Хайруллин (Кузьмин, Воробьёв)
2:5 – 53:33 – Кузьмин (Короткий, Дедунов)
Қақпашылар:Бояркин –Заврагин
«БарысАрена».3800 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.