Маусымның соңғы матчында «Барыс» «Сібір» командасымен кездесті.
Айдын иелері ойындағы есепті 27-минутта ашты. Дэвид Скленичка бірнеше қарсыластардан сытылып өтіп, Аркадий Шестаковқа пас шығарды. Командамыздың 64-ші нөмір маусымдағы өзінің 15-ші шайбасын соқты. Одан кейін командалар өткір шабуылдармен алмасты, дегенмен сол Скленичка мен Энди Андреоффтың соққыларынан кейін шайба қақпа бағанасына тиді. Нәтижесінде Шестаковтың голы матчта соғылған жалғыз гол болып қалды. Андрей Шутов қақпасына бағытталған 38 соққыны тойтарып, маусымда төртінші рет өз қақпасына гол жібермеді.
Осылайша, «Барыс» 21 жеңіске қол жеткізіп және 50 ұпай жинап, Шығыс конференциясында 12-ші орынға жайғасып тұрақты чемпионатты аяқтады.
«Барыс» – «Сібір» 1:0 (0:0, 1:0, 0:0)
1:0 – 26:19 – Шестаков (Скленичка, Борисевич)
Қақпашылар: Шутов – Красоткин
«Барыс-Арена». 5114 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.