Барыс – Сібір. Жаттықтырушылардың түсініктемелері
26 Ақпан 2024

Барыс – Сібір. Жаттықтырушылардың түсініктемелері


«Барыс» - «Сібір» матчынан кейін (1:0) командалардың бас жаттықтырушыларының қатысуымен баспасөз конференциясы өтті.

DSC_2949.JPG

Сергей Кривокрасов, «Сібір» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы

- Ойын, негізінен, жоғары жылдамдықтарда өтті. Менің ойымша, өте жақсы ойнадық, тек гол соғатын сәттерді голға ұластыра алмадық. Команда барын салып ойнады. Жігіттер жарады, жүз пайыз беріліп ойнады. Бір голға артық соққан команда жеңіске жетеді демекші. Бүгін осы артық бір гол соққан команда біз емес болдық.

- Келесі маусымға жоспарлаған тәжірибелер бүгін жүзеге сәтті асырылды ма?

- Жоқ Мүлдем жоқ. Біз соншалықты алыс болашаққа үңілмейміз. Біз бүгін болып жатқан нәрселерге зер саламыз.

- Антон Худобин қазақстандық хоккейдің түлегі. Оның командада атқарып жүрген рөлі қандай?

- Ол көшбасшы. Кезінде ол ең жоғары деңгейде ойнап, үлкен нәтижелерге қол жеткізді. Сөзсіз Антохаға көмектесті (Красоткинге – авт.) және жігіттерге де әбден көмектесті. Көп нәрсе жасады, бірақ бізде аз ойнағаны шындық. Дегенмен командадағы жас жігіттермен өз тәжірибесімен бөліскені жақсы болды.

DSC_2980.JPG

Олег Болякин, «Барыс» бас жаттықтырушысының міндетін атқарушы

- Бүгін жақсы әрі қауіпті сәттерге толы ойын болды. Екі команда да көптеп шабуылдады, гол соғатын сәттер көп болды. Қақпашылар жақсы ойнады. Біздің жанкүйерлер жеңісті асыға күтті. 1:0 есебімен жеңсекте, дегенмен бізде және қарсыластарымызда да гол соғатын көп сәттер болды. Өкінішке орай, біз үшін маусым аяқталды. Әрине, маусымның әлдеқайда ұзағырақ болғанын жалғаса бергенін қалаймыз. Бірақ бары осы. Енді біз жіберілген барлық қателерді талдайтын боламыз. Сөйлесіп, талқылаймыз және команданы келесі маусымға дайындай бастаймыз.

- Бүгінгі жеңіске не себеп болды?

- Бізде осындай керемет жанкүйерлердің бары себеп болды, мен мұны қашанда айтып жүрдім. Өте жақсы атмосфера, ойын қалай өтіп жатса да жанкүйерлер қашанда командаға қызу қолдау көрсетіп жатады. Жігіттер бүгін кәдімгідей шайқасты десе де болады, дегенмен олар барлық ойындарда соғына дейін шайқасады. Бізде жарақатқа байланысты ойыншылардың жетіспеушілігі бар екенін бәрі де жақсы түсінеді. Сондықтан бізге кей жерде қауіпті сәттерді іске асыру, күш жетпей жатты. Бүгін жеңіске жеткеніміз жақсы болды.


«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ


Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Таныс болыңыздар, Дэвид Немировски

new-preview
Barys
Nomad

Никитин мен Макеев Номадта бір жылға қалады

new-preview
Barys
Nomad

Калмыков пен Авдеенко мансабын Номадта жалғастырады