Барыс үздік үштіктегі орнын сақтап қалды
16 Желтоқсан 2024

Барыс үздік үштіктегі орнын сақтап қалды

IMG_4995.JPG

14-15 желтоқсанда Владимир Завьялов бастаған команда Алматыда ойындар сериясын өткізді. Алғашқы кездесуде астаналық команда бірінші кезеңде сәтсіз ойнап, жеті матчқа жалғасқан жеңіс сериясын үзді. «Барыс» сапынан Кәрім Қажыбеков екі ұпай еншілеп, Алдияр Қалелхан мен Сонмин Цой шайба соғып көзге түсті.

IMG_5149.JPG

 «Алматы» - «Барыс» 5:3 (3:0, 1:2, 1:1)

1:0 - 00:45 – Нұрлан (Матросов)

2:0 - 06:21 - Айдуков (Киргизбаев)

3:0 - 09:57 - Кушнеренко

4:0 - 22:22 - Ботищев

4:1 - 30:05 - Қажыбеков (Бигаринов)

4:2 - 36:58 - Қалелхан (Нұржанов) СБШ

4:3 - 49:51 - Цой (Перкин, Қажыбеков)

5:3 - 58:35 - Долгополов (Югай, Киргизбаев)

Қақпашылар: Яковенко - Сапарғалиев (Кучковский, 06:21-60:00)

Екінші ойында елордалық ұжым кеткен есесін сенімді түрді қайтарды. Тағы да кездесу тағдыры бірінші кезеңде шешілді. Командамыздан Аристарх Киреев, Александр Симахин, Кәрім Қажыбеков пен Александр Перкин нәтижелі соққылардың авторы атанды. Қақпашы Арсений Кучковский 37 сейв жасады. Бұл – «Барыстың» биылғы маусымдағы 20-жеңісі.

 «Алматы» - «Барыс» 1:4 (0:3, 1:1, 0:0)

0:1 - 04:16 - Киреев (Китаров, Нұржанов)

0:2 - 14:57 - Симахин (Ищенко)

0:3 - 17:54 - Қажыбеков (Трифонов, Тұрсынов) СБШ

0:4 - 23:58 - Перкин (Цой, Кажибеков)

1:4 - 28:44 - Ботищев (Фатыхов)

Қақпашылар: Павлов (Яковенко, 23:58-60:00) – Кучковский

Маусымның 28 ойынында «Барыс» 41 ұпай олжалады және бүгінде Лиганың турнирлік кестесінде үздік үштікті түйіндеп тұр.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 3 күн