Барыс маусымның алғашқы матчында Арланға есе жіберді
21 Қыркүйек 2024

Барыс маусымның алғашқы матчында Арланға есе жіберді

189A4984.jpg

Бүгін Қазақстанның бес қаласында хоккейден жастар арасындағы ел біріншілігі басталды. Қазақстан чемпионы «Барыс» сырт айдында өткізген алғашқы матчында күтпеген жерден «Арланнан» жеңілді. Кездесудегі барлық шайбаны командалар тең емес құрамдағы ойын кезінде соққан (алты шайба сан басымдығы кезінде соғылған). Астаналық ұжым сапынан Онисим Ищенко, Аңсар Алдоңғар мен Егор Левковец дәл соққыларымен көзге түсті. Қақпашы Арсений Кучковский 29 соққыға тосқауыл болды.

 «Арлан» - «Барыс» 4:3 (1:1, 2:2, 1:0)

0:1 - 15:22 - Ищенко (Левковец, Шимин) СБШ

1:1 - 17:43 - Қайыргелді (Любченко, Базько) СБШ

2:1 - 22:04 - Монахов (Залевский, Аипов) СБШ

2:2 - 26:17 - Алдоңғар (Ищенко, Дурглишвили) СБШ

2:3 - 27:06 - Левковец (Тұрсынов, Тілеухан) СБШ

3:3 - 31:53 - Монахов (Аипов) КҚШ

4:3 - 56:35 - Петрухин (Монахов, Аипов) СБШ

Қақпашылар: Лаюров - Кучковский

189A4951.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың бапкерлер штабы

new-preview
Barys

Талғат Китаров - Барыс БЖСМ директоры

new-preview
Barys

«Барыс» клубының маусым алдындағы дайындық жоспары