«Барыстың» ақпан айындағы өз айдынындағы матчтар сериясын «Металлургпен» кездесумен жалғастырды. Қытайдан келер жолдағы жүк тасымалының кешігуіне байланысты Қазақстан құрамасы сапынан оралған хоккейшілердің кейбірі құрамға енген жоқ.
Кездесудің бірінші бөлігі магнитогорскілік ұжымның айқын басымдығымен өтті. Алайда астаналықтар бұл қысымға шыдай білді және қарсыласты өз аймағында жіберген қателігі үшін жазалаған Михаил Рахмановтың көмегімен есеп ашты. Андрей Разин бастаған команда бұған ойынның 27-минутының соңында жауап берді. Көк жолықтың бойынан соққы жасаған Алексей Маклюков көзге түсті. Андрей Козлов үзіліске дейін командасын есепте алға шығарды. Ал үшінші жиырма минуттықтың басында Денис Зернов Андрей Шутов қорғаған қақпаға үшінші шайбаны соқты. Осыдан кейін таблодағы көрсеткіш өзгеріссіз қалды.
«Барыстың» өз айдынындағы матчтар сериясы жалғасады. Командамыз келесі ойынын 20 ақпанда өткізеді. Қарсылас – «Северсталь».
«Барыс» - «Металлург» 1:3 (1:0, 0:2, 0:1)
1:0 – 14:54 – Рахманов
1:1 – 26:59 – Маклюков (Джозефс, Рендулич)
1:2 – 34:54 – Козлов (Силантьев, Коробкин)
1:3 – 45:51 – Зернов (Силантьев, Паливко)
Қақпашылар: Шутов – Смолин
«Барыс Арена». 2 760 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.