Барыс овертаймда Ақ Барсқа есе жіберді
11 Қаңтар 2025

Барыс овертаймда Ақ Барсқа есе жіберді

ab_brs_250111_032.jpg

«Барыс» сырт айдындағы қысқа матчтар сериясының нүктесін Қазанда қойды. «Ақ Барспен» матчта екі бірдей ойыншымыз дебют жасап, Артур Гросс пен Хақназар Кеңесбай Құрлықтық хоккей лигасындағы алғашқы ойын уақытын алды.

Кездесудің шешуші сәттері екінші кезеңде болды. Алдымен Иван Николишин осы ойын бөлігінің алғашқы ауысымында есеп ашты. Сәлден кейін Кирилл Савицкий кем құрамдағы ойын кезінде шабуылға шығып, Тимур Билялов қорғаған қақпаға екінші шайбаны соқты. Бұған «Ақ Барс» үзіліске дейін жауап беріп үлгерді. Никита Бояркин Александр Барабанов пен Артемий Князевтің жасаған соққыларын кері қайтара алмады.

Михаил Рахмановтың үшінші жиырма минуттықтың басында соққан шайбасы біразға дейін «Барыстың» есепке қарай ойнауына мүмкіндік берді. Кезеңнің аяқталуына 101 секунд қалғанда Әлихан Әсетов қарсыластың бос қақпасына дәл көздеді. Алайда бұл айдын иелерін тоқтатқан жоқ. Дмитрий Яшкин мен Николас Петанның нәтижелі соққылары ойынды овертаймға ұластырса, қосымша бес минуттықта Никита Лямкин кездесудің тағдырын шешті.

19 қаңтарда Ғалым Мамбетәлиев бастаған команда өз айдынында «Локомотивті» қабылдайды.

«Ак Барс» - «Барыс» 5:4 ОТ (0:0, 2:2, 2:2, 1:0)

0:1 – 20:31 – Николишин (Савицкий)

0:2 – 32:25 – Савицкий (Хохлов) КҚШ

1:2 – 34:21 – Барабанов (Коршков)

2:2 – 36:50 – Князев (Барабанов, Коршков)

2:3 – 41:40 – Рахманов

2:4 – 58:19 – Асетов БҚ

3:4 – 58:39 – Яшкин (Семёнов, Барабанов)

4:4 – 59:50 – Петан (Барабанов, Галимов)

5:4 – 60:32 – Лямкин (Семёнов)

Қақпашылар: Билялов – Бояркин

«Татнефть-Арена». 8 154 көрермен

ab_brs_250111_018.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
22 фото
Barys

Амур - Барыс

new-preview
7 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 4-күн

new-preview
16 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 3-күн