Барыс турнирлік кестеде тағы көш бастады
13 Ақпан 2025

Барыс турнирлік кестеде тағы көш бастады

dsc03835.jpg

«Барыс» жастар командасы тұрақты чемпионаттың соңғы сырт айдындағы матчтар сериясын Павлодарда бастады. Бірінші кездесуде командамыз «Мұнайшыға» мүмкіндік қалдырмай, жеңіске жетті. Хоккейшілеріміз қарсылас қақпасына 11 шайба соқты. Астаналық ұжым төрт голды кем құрамда ойнап жүріп соққанын айта кету керек. Таир Бигаринов пен Жахангер Тілеухан (екеуі де 2+1) үш ұпайдан еншілеріне жазса, Сонмин Цой дубль жасап көзге түсті.

«Мұнайшы» - «Барыс»1:11 (0:3, 1:5, 0:3)

0:1 - 10:22 - Амырканов (Крутский, Бигаринов)

0:2 - 11:22 - Тлеухан (Саттар) СБШ

0:3 - 13:37 - Амырканов (Алдоңғар)

0:4 - 26:13 - Цой

0:5 - 27:00 - Бигаринов (Шакшакбаев, Турсынов)

1:5 - 28:58 - Прохоров (Кладов) СБШ

1:6 - 31:09 - Тілеухан КҚШ

1:7 - 33:20 - Кенжеғали (Тілеухан, Елдес) КҚШ

1:8 - 33:37 - Бигаринов (Тұрсынов) КҚШ

1:9 - 46:14 - Цой (Гридасов)

1:10 - 48:11 - Шакшакбаев (Амырканов) КҚШ

1:11 - 59:49 - Гридасов (Кенжеғали)

Қақпашылар: Челайдюк (Плотников, 29:50-48:11) – Кулаков

Екінші матчта командалар ойынның енгізгі уақытында жеңімпазды анықтай алмады. Ал овертаймда астаналық хоккейшілер мықтырақ болды. Матчтағы шешуші шайбаның авторы – Арыстан Амырканов. Елордалық команданың барлық нәтижелі шабуылына Таир Бигаринов қатысты (2+1).

«Мұнайшы» - «Барыс» 2:3 ОТ (0:0, 2:2, 0:0, 0:1)

0:1 - 26:21 - Бигаринов (Тұрсынов, Гридасов)

1:1 - 27:24 - Лариков (Головащенко, Смелов) СБШ

2:1 - 29:20 - Гебель (Бекбаев, Попов)

2:2 - 32:49 - Бигаринов (Шакшакбаев, Кенжеғали)

2:3 - 63:38 - Амырканов (Бигаринов)

Қақпашылар: Пушков – Кучковский

dsc03719.jpg

Тұрақты чемпионаттың 46 матчында Владимир Завьялов шәкірттері 70 ұпай олжалады. Осы материал жарияланған сәтте командамыз қосымша көрсеткіштер бойынша «Жас Батырды» басып озып, турнирлік кестеде бірінші орында тұрды. «Барыс» маусымның алғашқы кезеңінің қорытынды матчтарын Петропавлда өткізеді. 26-27 ақпанда астаналық ұжым «Құлагерге» қарсы ойнайды.

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
14 фото
Barys

Сибирь - Барыс

new-preview
15 фото
Barys

Амур - Барыс

new-preview
Barys

Кирилл Панюков ҚХЛ-дағы 350-кездесуін өткізді