Барыс тағы да Александр Трушков қақпасының кілтін таба алмады
09 Қаңтар 2025

Барыс тағы да Александр Трушков қақпасының кілтін таба алмады

IMG_7257.jpg

«Барыс» төрт күн ішінде екінші мәрте «Ладамен» кездесті.

Астаналықтар ойынның бірінші бөлігін жақсы өткізіп, үш қауіпті шабуыл ұйымдастырды. Олардың екеуінде Әлихан Әсетов пен Дамир Жафяровтің соққысынан кейін айдын иелеріне қақпа жақтауы көмекке келді. Сәлден соң қарсылас аймағында шайбаны тартып алған Кирилл Савицкий «Лада» қақпашысы Александр Трушковтан айласын асыра алмады.

Екінші кезеңде жеке шеберлігімен көзге түскен Никита Сетдиковте, Кирилл Панюковте есеп ашатын мүмкіндік болған. «Лада» болса, қорғаныста жақсы ойын өрнегін көрсетіп, үшінші кезеңнің соңына таман пайда болған өз мүмкіндігін жүзеге асыра білді. Александр Государев қақпа алдында жалғыз өзі қалып, шайба соқты. Осылайша, «Лада» маусымда екінші рет өз қақпасына шайба жібермей, «Барысты» жеңді.

11 қаңтарда Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері Қазанда «Ақ Барспен» кездеседі.

«Лада» - «Барыс» 1:0 (0:0, 0:0, 1:0)

1:0 – 54:35 – Государев

Қақпашылар: Трушков – Бояркин

«Лада-Арена». ___ көрермен

    IMG_7216.jpg

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
22 фото
Barys

Амур - Барыс

new-preview
7 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 4-күн

new-preview
16 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 3-күн