Барыс ҚР Жастар Кубогының жартылай финалында
10 Қыркүйек 2024

Барыс ҚР Жастар Кубогының жартылай финалында

IMG_6257.jpg

Қарағанды, Петропавл мен Өскеменде жастар арасындағы Қазақстан Кубогының топтық кезеңі аяқталды.

А тобының соңғы кездесуінде турнир көшбасшылары «Кармен» пен «Барыс» ойнады. Астаалық команда ойынның алғашқы бөлігінің бірінші жартысын сәтті өткізіп, Глеб Лукавенко мен Аңсар Алдоңғардың көмегімен екі шайба соқты. Алайда әрі қарай тек айдын иелері гол соқты.

«Барыс» жеңіліс тапқанына қарамастан, Кубок үшін таластағы жолын жалғастырады. Өйткені, астаналық ұжым өз топтарында екінші орын алған командалар арасында үздік болды.

Бір қызығы, жартылай финалда Ринат Омарбековтің шәкірттері тағы да «Карметпен» кездеседі. Финалдың тағы бір жолдамасына «Торпедо» мен «Ястребы» таласады. Кездесулер 12 қыркүйек күні Өскеменде өтеді. Ал финал 13 қыркүйекте өтеді деп жоспарланған.

«Кармет» - «Барыс» 5:2 (1:2, 3:0, 1:0)

0:1 - 09:45 - Лукавенко (Амырканов) СБШ

0:2 - 10:35 - Алдонгар (Цой)

1:2 - 14:22 - Перцев (Хусаинов, Божко)

2:2 - 30:56 - Симонов

3:2 - 32:40 - Лигай (Степанов, Соколов) СБШ

4:2 - 39:29 - Симонов (Умеренков)

5:2 - 59:23 - Хусаинов БҚ

Қақпашылар: Пахоленко – Ряшин

IMG_6243.jpg

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys

Барыс жаңа маусымды 7 қыркүйекте өз аренасында Тракторға қарсы кездесуімен бастайды

new-preview
Barys

Қазақстан мектептеріне хоккей жабдығы мен 600 жиынтық форма беріледі: ҚХФ мен ҰННПЦФК ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды

new-preview
27 фото
Barys

Барыс 3х3 | 23 тур | 4 күн