Иван Мищенко «Барыс» құрамын толықтырды
25 Тамыз 2022

Иван Мищенко «Барыс» құрамын толықтырды

«Барыс» хоккей клубы Иван Мищенкомен келісімшарт жасалғаны туралы ресми түрде мәлімдейді. Қорғаушымен біржақты келісім 2 жылға жасалған (2024 жылғы 30 сәуірге дейін).

Соңғы екі маусым бойы ол «Сочи» командасының қорғаныс шебі ойыншыларының көшбасшысы болды. «Барысқа» ауысқанға дейін Иванның соңғы клубы питерлік СКА еді. Жалпы алғанда, ҚХЛ-да алаңның екі жағында да бірдей пайдалы хоккейші 230-дан астам матч өткізіп, 54 (17+37) ұпай жинады.

Иван елордаға осы аптаның соңында келеді.

 

Иван Мищенко

Туған күні: 22.07.1995.                                      

Бойы: 185 см.

Салмағы: 87 кг.

Сырғытпатаяқты ұстау: сол жақ.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Сондай-ақ қарайтыныңыз

new-preview
Барыс

Оспанов пен Логвин жастар құрамасының орналасқан жеріне аттанды

new-preview
Барыс

Барыстың туған күні MegaSilkWay-де

new-preview
Барыс

Барыс - Витязь. Жаттықтырушылардың пікірлері

Біз сайттың жаңа нұсқасын сынап жатырмыз, егер қате тапсаңыз, онда бізге жаз