Маусымның екінші үй матчында «Барыс» «Авангардтан» басым түсті.
Айдын иелерінің жаттықтырушылар штабы «Трактормен» ойнағаннан кейін жеңіс құрамын өзгертпеді. Алғашқы голды көрермендер бастапқы кезеңнің соңына қарай көрді. Ансар Шайхмедденов қарсылас қақпасының алдында шайба үшін таласқа түсіп, оны қақпаға дарытты. «Барыс» БЖСМ жас түлегі үшін бұл ҚХЛ-дағы алғашқы голы болды.
Энтони Луис екінші үзіліс алдында айдын иелерінің есептегі басымдығын нығайтты. Ол «Барыстың» ұзаққа созылған позициялық шабуылының нәтижесінде гол соқты. Бірақ кезеңнің аяқталуына алты секунд қалғанда Владимир Ткачев «Авангардты» ойынға қайтарды.
Қорытынды кезеңнің басында «Барыс» сапындағы алғашқы голын Иван Мищенко соқты, ол шайбаны қақпа маңдайшасының астына қатты соққымен бағыттады. Бір жарым минуттан кейін Линден Вей қарсыластарын төртінші рет ренжітті. Алайда Дмитрий Рябыкиннің шәкірттері ойнауды тастамай, Сергей Толчинский мен Владимир Брюквиннің голдары арқылы есептегі айырмашылықты тағы да азайтты. Дегенмен ойындағы нүктені қазақстандықтар қойды. Энтони Луис Джереми Бракконың тамаша пасынан кейін бос қақпаны дәл көздеп, дубль жасады. 5:3 - «Барыс» жеңді.
16 қыркүйек күні Андрей Скабелканың командасы «Авангардты» тағы да өз айдынында қабылдайтын болады.
«Барыс» – «Авангард» 5:3 (1:0, 1:1, 3:2)
1:0 – 17:06 – Шайхмедденов (Грэм, Бракко)
2:0 – 35:45 – Луис (Вей, Бракко)
2:1 – 39:54 – Ткачёв (Броадхёрст, Толчинский)
3:1 – 43:14 – Мищенко (Луис)
4:1 – 44:41 – Вей (Михайлис, Мищенко)
4:2 – 45:26 – Толчинский (Береглазов)
4:3 – 50:10 – Брюквин (Дергачёв)
5:3 – 58:40 – Луис (Бракко, Шайхмедденов)
Қақпашылар: Бояркин – Галимов (Демченко, 44:41-60:00)
«Барыс-Арена». 5010 көрермен
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріңіз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.