«Барыс» алдағы маусымға дайындық жоспарын бекітті. Команда демалыстан 14 шілдеде шығады.
Екі күн бойы ойыншылар медициналық тексеруден өтеді. 16 шілдеге тест тапсыру жоспарланған, содан кейін Нұр-Сұлтанда (17 шілдеден 15 тамызға дейін) оқу-жаттығу жиындарының бірінші кезеңі басталады.
16-20 тамыз аралығында «Барыс» «Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогында» ойнайды, оған сондай-ақ Екатеринбургтен «Автомобилист», Магнитогорскілік «Металлург», Нижнекамск қаласының «Нефтехимик» және Бейжің діу «Куньлунь Ред Стар» командалары қатысады. Турнирдің ойын кестесі кейінірек жарияланады.
21-23 тамыз аралығында «Барыс-Аренада» жиындардың екінші кезеңі өтеді.
24-27 тамыз аралығында «Барыс» «Челябі облысы губернаторының кубогында» өнер көрсететін болады. Бұл турнирдегі біздің команданың қарсыластары «Металлург», «Автомобилист» және «Трактор» болады.
28-31 тамыз аралығында елордада ОЖЖ-ның қорытынды кезеңі өтеді.
ҚХЛ маусымының басталуы 1 қыркүйекке белгіленген.
«Барыс» ХК бас серіктесі - «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріңіз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.