
«Номад» Қазақстан чемпионаты аясында «Құлагермен» үй кездесулерін жалғастыруда
Өткен турда петропавлдықтар Павлодарға сәтті барып, «Ертісті» екі рет жеңіп шықты (5:1 және 9:3). Бірінші ойында Александр Ананичев дубльмен ерекшеленді. Екінші жекпе-жекте Денис Недилько мен Ранис Миргалиев қарсыларстарды екі рет қобалжытты, ал Артем Ананичев серіктестерге төрт рет көмектесті. Соңғысы солтүстік қазақстандықтардың үздік бомбардирі (2+10) атанды. Чемпионаттың басында 10 ойында Артем Аргоковтың шәкірттері 10 ұпай жинады.
Бүгінгі таңда бұл ұжым лиганың турнир кестесінде алтыншы орынға ие.
«Номад» өзінің соңғы матчтарын Атырауда өткізді. Ғалым Мамбеталиевтің ұжымы «Бейбарысты» екі рет жеңіп алды (4:1 және 2:1). Мергендік шоттарын Олег Бойко, Никита Колобов, Данил Бутенко, Всеволод Логвин, Андрей Рунов және Михаил Рахманов толықтырды. Кезекті кездесулер алдында «көшпенділер» чемпионатта төртінші орында тұр. Он ойынның ішінде команда 12 ұпайы жинады.
Бірінші матч сағат 13:00-де басталады.
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.