Ақ Барс – Барыс матчы қарсаңында
11 Қаңтар 2025

Ақ Барс – Барыс матчы қарсаңында

IMG_5582.PNG

«Барыс» қаңтардағы алғашқы сырт айдындағы матчтар сериясын Қазанда түйіндейді.

Жаңа 2025 жылда «Ақ Барс» үш матч өткізіп, оның екеуінде жеңіске жетті. Өткен турда қазандықтар «жасыл дербиде» басты қарсыластарының бірі – «Салават Юлаевты» сенімді түрде жеңді (5:1). Николас Петан дубль жасады, Дмитрий Яшкин, Илья Сафонов пен Артем Глаимов тағы бір шайбадан өз есептеріне жазды. Амир Мифтахов 23 соққыны кері қайтарды. Анвар Гатиятуллин кездесуде дайындық, мінез бен команданың барын салып ойнауы шешуші рөл ойнағанын айтты.

«Ақ Барс» маусымның 41 матчында 54 ұпай олжалап, осының арқасында Шығыс конференциясындағы көшбасшылыққа таласын жалғастырып келеді. Артем Галимов (20+16) – биылғы чемпионаттың үздік снайперлері мен сұрмергендерінің бірі. Никита Лямкин (5+26) – Лиганың нәтижелі қорғаушыларының үздік төрттігінде. Амир Мифтахов – кері қайтарылған соққылар көрсеткіші (94,7) бойынша чемпионаттың үздік қақпашысы және сенімділік коэффициенті (1,62) бойынша екінші орында келеді. Қорғаушы Митчелл Миллер мен шабуылшы Егор Бабенко жарақат алған ойыншылар тізімінде.

«Барыс» сейсенбі күні маусымда екінші рет «Лада» қақпашысы Александр Трушков қорғаған қақпаның кілтін таба алмады (0:1). Астаналықтар қарсылас қақпасының қанша соққы жасағанымен, қатарынан тоғызыншы мәрте жеңіліс тапты. Ғалым Мамбетәлиев ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында шешуші голға әсер еткен қателікті атап өтті.

Қазақстандық ұжымның қоржынындағы ұпай саны өзгеріссіз – 46 ойыннан кейін 24 ұпай. Кеше клубпен жаңа үш жылдық келісімшартқа қол қойған Никита Бояркин кері қайтарылған соққылар көрсеткіші (93,2) бойынша әлі де Лига үздіктерінің қатарында. «Ақ Барспен» матчта екі бірдей ойыншы – Хақназар Кеңесбай мен Артур Гросс Құрлықтық хоккей лигасында дебют жасауы мүмкін. 

«Ақ Барс» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
22 фото
Barys

Амур - Барыс

new-preview
7 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 4-күн

new-preview
16 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 3-күн