Амур – Барыс матчы қарсаңында
02 Ақпан 2025

Амур – Барыс матчы қарсаңында

GD AWAY .jpg

«Барыс» сырт айдындағы матчтар сериясын «Амурмен» ойынмен жалғастырады. Команда Қиыр Шығыста тағы да негізгі құрамның 11 ойыншысынсыз өнер көрсетеді.

Хабаровскілік өткен турда Екатеринбургте «Автомобилистен» жеңілді – 4:5. Команда сапынан Алекс Броадхерст, Иван Мищенко мен дубль жасаған Илья Талалуев нәтижелі соққыларымен көзге түсті. Мэтт Джурусик 22 соққыға тосқауыл болды. «Амур» бас бапкерінің міндетін атқарушы Виктор Костюченок бірінші және екінші кезеңнің соңында шәкірттерінің ойынға қойған зейіндерін жоғалтып алғанын айтты.

«Амур» қоржынында маусымның 50 матчынан кейін 29 ұпай бар. Команданың үздік сұрмергені – Александр Гальченюк (19+16). Шабуылшы Кирилл Слепец команданың жарақат алған ойыншылары тізімінде.

«Барыс» жұмада Омбыда негізгі құрамның 11 ойыншысынсыз өнер көрсетіп, «Авангардтан» жеңілді – 1:5. Кеше 26 жасқа толған Батырлан Мұратов команданың матчтағы жалғыз шайбасының авторы атанды. Станислав Бочаров астаналық команда сапындағы алғашқы нәтижелі пасын берді. Қорғаушы Роман Большедворский мен шабуылшы Кирилл Ляпунов Құрлықтық хоккей лигасындағы дебюттік матчтарын өткізді. Араға бес жыл салып шабуылшы Саян Данияр негізгі команда құрамына қайта оралды. Ғалым Мамбетәлиев жас шәкірттерінің құлшынысын ерекше атап өтіп, олардың алда тәжірибесі толыса түсетінін айтты.

Маусымның 51 ойынында қазақстандық ұжым 28 ұпйа еншіледі. Бүгінгі ойында Новосібірде өткен Шақыру Кубогына қатысқан қорғаушы Бейбарыс Оразов құрамға қайта оралуы мүмкін.

«Амур» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 12:30-да басталады.

Кездесуді KHL телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарлаған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі  - «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
14 фото
Barys

Сибирь - Барыс

new-preview
15 фото
Barys

Амур - Барыс

new-preview
Barys

Кирилл Панюков ҚХЛ-дағы 350-кездесуін өткізді