Барыс – Автомобилист матчы қарсаңында
07 Қаңтар 2025

Барыс – Автомобилист матчы қарсаңында

Barys-SMM-Match-Day-Home (5).jpg

«Барыс» жаңа жылдағы алғашқы өз айдынындағы матчтар сериясын «Автомобилиспен» матчпен түйіндейді.

Екатеринбургтік ұжым сырт айдындағы матчтар сериясында Челябіде бастап, 0:2 есеібмен жеңіліс тапты. Ойындағы шешуші сәттер кездесудің соңында болғанын атап өту керек. «Автомобиилист» Зак Фукале қорғаған қақпаға 25 соққы жасады, алайда олардың бірде-біреуі нәтижелі болған жоқ. Евгений Аликин болса, өз есебіне 21 сейв жазды. Николай Заварухин командасының өткір шабуылдаор ұйымдастырғанын, алайда қарсыласқа қақпашысы пен қақпа бағаналары көмектескенін айтты. 

Маусымның 40 матчында екатеринбургтік команда 48 ұпай олжалады. Стефан Да Коста (8+28) – биылғы чемпионаттың ең үздік ассистенттері мен сұрмергендерінің бірі. Владимир Галкин сенімділік коэффициенті бойынша (2,03) Лиганың үздік төрт қақпашысының қатарына кіреді. Қорғаушы Ник Эберт пен шабуылшы Кертис Волк жарақат алған ойыншылар тізімінде.

«Барыс» та өткен турда өз мүмкіндіктерін жүзеге асыруда қиындықтарға тап болып, өз айдынында «Ладаға» жол берді – 0:5. Никита Бояркин 23 соққыға тосқауыл болса, оның қарсыласы Александр Трушков астаналықтардың 24 соққысының бәрін кері қайтарды. Ғалым Мамбетәлиев шәкірттерінің тым босаңсып кеткенін және қақпаға соғылған бірнеше шайбаны өздері ұйымдастырып бергенін айтты,

Қазақстандық ұжым чемпионаттағы жолын 44 кездесуден кейінгі 23 ұпаймен жалғастырып келеді. Соңғы матчтағы нәтижеге қарамастан, Никита Бояркин кері қайтарылған соққылар көрсеткіші бойынша (93,2) Лиганың үздік төрттігінде орнын сақтап қалды. «Автомобилиспен» ойында Николай шульга ҚХЛ-да дебют жасауы мүмкін. Сонымен қатар, бұған дейін Қазақстан жастар құрамасы сапында болған қорғаушы Бейбарыс Оразов құрамға қайта қосылады деп күтіліп отыр. 

«Барыс»  - «Автомобилист» матчы Астана уақытымен сағат 17:00-де басталады.

Ойын билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және біздің сайтымыздан сатып алуға болады.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
22 фото
Barys

Амур - Барыс

new-preview
7 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 4-күн

new-preview
16 фото
Barys

Барыс 3х3 | 7 тур | 3-күн