Барыс – Металлург матч қарсаңында
17 Ақпан 2025

Барыс – Металлург матч қарсаңында

GAMEDAY NEW (2).jpg


Өз айдынындағы матчтар сериясының үшінші матчында «Барыс» Гагарин Кубогының иегері «Металлургті» қабылдайды.

Магнитогорскілік ұжым сенбі күні Новосібірде «Сібірді» жеңді (5:2). Валерий Орехов дубль жасап көзге түссе, Андрей Козлов, Дмитрий Силантьев пен Даниил Вовченко өз есептеріне бір шайбадан жазды. Илья Набоков 22 соққыға тосқауыл болды. Андрей Разин кездесудің басы командасы үшін сәтсіз болғанын, алайда әрі қарай басымдықты өз қоддарына ала білгенін айтты.

Маусымның 55 матчында «Металлург» 70 ұпай еншілеген. Команданың үздік сұрмергені Робин Пресстің қоржынында 33 (3+30) ұпай бар. Қорғаушы Владислав Еременко команданың жарақат алған ойыншылары тізімінде.

«Барыс» өткен турда өз айдынында «Ладаға» есе жіберді (2:4). Мстислав Шипилин пен Кирилл Ляпунов ҚХЛ-дағы алғашқы шайбаларын соқты. Жарақатынан толық айыққан команданың үздік сұрмергені Антон Бурдасов (12+5) құрамға қайта оралды. Ғалым Мамбетәлиев шәкірттерінің екі жарым кезең бойы күрес жүргізгенін, алайда әрі қарай бұл өз жалғасын таппағанын айтты.

Қазақстандық ұжым 55 ойында 29 ұпай олжалады. Өткен ойында жарақат алған Никита Бояркин қосымша тексерістен өтіп жатқандықтан, бүгінгі матчқа қатыспайды. Команда сапына Қазақстан ұлттық құрамасы ойыншылары келіп қосылды. Алайда жүктерінің кешігіп келуіне байланысты «Металлургпен» ойынға кейбір хоккейшілер қатыспайды.

 

«Барыс» - «Металлург» матчы Астана уақатымен сағат 19:30-да басталады.

Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және KAZ cатып билет.png сайтымыздан сатып алуға болады.

 

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
14 фото
Barys

Сибирь - Барыс

new-preview
15 фото
Barys

Амур - Барыс

new-preview
Barys

Кирилл Панюков ҚХЛ-дағы 350-кездесуін өткізді