
«Барыс» бес матчқа жалғасатын өз айдынындағы матчтар сериясын СКА командасы қарсы ойынмен бастайды.
Санкт-петербургтік команда сейсенбіде Мәскеуде «Динамоға» есе жіберді – 1:3. Команданың жалғыз шайбасының авторы – Илья Карпухин. Павел Мойсевич 17 соққыдан кейін 3 шайба жіберіп, қақпадағы орнын тоғыз сейв жасаған Егор Заврагинге берді.
Маусымның 54 матчында Роман Ротенберг шәкірттері 67 ұпай олжалады. Команданың үздік сұрмергені Иван Демидовтің еншісінде 45 (19+26) ұпай бар. Александр Никишин (13+22) – чемпионаттың ең нәтижелі қорғаушыларының бірі. Захар Бардаков пайдалылық көрсеткіші бойынша Лиганың үздік бес ойыншысының қатарында (+24). Қақпашы Артемий Плешков пен шабуылшы Арсений Грицюк жарақат алған ойнышылар тізімінде.
«Барыс» ҚХЛ Жұлдыздар матчы өткізілуіне байланысты болған үзіліс алдында Владивостокта ойнап, овертаймда «Адмиралдан» жеңілді – 3:4. Астаналықтар ойын барысында 0:3 есебімен жеңіліп жатып, таразы басын теңестіре алғанын айта кету керек. Михаил Рахманов, Дінмұхамед Қайыржан мен Иван Николишин команда сапынан шайба соғып, көзге түсті. Станислав Бочаров ҚХЛ-дағы 150-нәтижелі пасын берсе, Аслан Жүсіпбеков пен Саян Данияр Лигадағы алғашқы ұпайларын еншіледі. Всеволод Логвин Лигадағы 50-матчын өткізді. Никита Бояркин 50 соққыны кері қайтарды.
Қазақстандық ұжымның қоржынында 53 матчтан кейін 29 ұпай бар. «Барыстың» үздік сұрмергені Антон Бурдасов (12+5) жарақат алған ойыншылар тізімінен шығарылды, алайда әзірше жеке бағдарлама бойынша жаттығып жүр. Максим Мухаметов пен Әлихан Әсетов болса, әзірге жарақат алғандар тізімінде. Дегенмен, бапкерлер әлі де болса Қазақстан құрамасы сапындағы негізгі құрамның 11 ойыншысына есеп жасай алмайды. Бірінші команда қатарына «Снежные Барсы» қорғаушылары Мстислав Шипилин мен Марат Сағымбаев қосылды, олар бүгін Лигада дебют жасауы мүмкін.
Осыдан екі ай бұрын «Барыс» пен СКА Санкт-Петербургте кездесіп, астаналық ұжым 0:1 есебімен жеңіліс тапқан еді.
«Барыс» - СКА матчы Астана уақытымен сағат 19:30-да басталады.
Матч билеттерін «Барыс Арена» кассаларынан және hcbarys.kz/tickets сайтымыздан сатып алуға болады.
Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.