Лада – Барыс матчы қарсаңында
09 Қаңтар 2025

Лада – Барыс матчы қарсаңында

Barys-SMM-Match-Day-Guest.jpg

«Барыс» төрт күн ішінде екінші мәрте «Ладамен» кездеседі.

Астаналықтарды 0:5 есебімен жеңгеннен кейін, тольяттиілік команда дәл осындай есеппен Челябіде «Трактордан» ұтылды. «Лада» қарсылас қақпасына 18 соққы жасағанымен, бірде-біреуі нәтижеге ұласпады. Павел Зубов шәкірттерінің жылдамдық пен қимыл-қозғалыс жағынан толығымен қарсыластан жеңілгенін айтты. Биылғы чемпионаттың 40 матчынан кейін «Лада» қоржынында 37 ұпай бар.

«Барыс» сейсенбі күні өз айдынында «Автомобилисті» қабылдап, буллиттер сериясында қарсыласына есе жіберді – 2:3. Ойында Әділ Бекетаев пен Никита Сетдиков нәтижелі соққыларымен көзге түсті, ал Никита Бояркин 19 сейвті өз есебіне жазды. Ғалым Мамбетәлиев қақпашылардың ойынын ерекше атап өтіп, сол матчта дебют жасаған Николай Шульганың өнерін жоғары бағалады. Маусымның 45 ойынында қазақстандық команда 24 ұпай еншіледі. «Ладамен» матчта жас шабуылшы Артур Гросс Құрлықтық хоккей лигасында дебют жасауы мүмкін.

«Лада» - «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады.

Кездесуді Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.

«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ

«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ

 

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың бапкерлер штабы

new-preview
Barys

Талғат Китаров - Барыс БЖСМ директоры

new-preview
Barys

«Барыс» клубының маусым алдындағы дайындық жоспары