«Барыс» кезекті сырт айдындағы матчтар сериясының нүктесін Мәскеуде қояды.
ЦСКА өткен турда басты қарсыластарының бірі мәскеулік «Динамоны» минималды есеппен жеңді. Илья Воробьев шәкірттері Константин Окуловтың дәл соққысы мен Иван Просветовтің 38 сейвінің арқасында табысқа қол жеткізді. Команданың бас бапкері күреске толы кездесу әрі ойын нағыз плей-офф матчындай болғанын атап өтті.
Маусымның 29 матчында ЦСКА 37 ұпай еншілеген. Команданың ең нәтижелі ойыншылары – Виталий Абрамов пен Максим Соркин (екеуінде де 22 ұпайдан – 11+11). Қорғаушылар Дмитрий Саморуков пен Кристиан Ярощ команданың жарақат алған ойыншылары тізімінде.
«Барыс» осымен жеті кезеңнен астам уақыт бойы шайба соға алмай келеді. Жұма күні Ғалым Мамбетәлиев шәкірттері Гагарин Кубогының иегері – «Металлург» қақпасынан саңылау таба алмады (0:2). Никита Бояркин 28 соққыға тосқауыл болды. ҚХЛ-дағы 50-матчын өткізген қазақстандық ұжымның бас бапкері шәкірттеріне шабуыл нүктесін қоюда жылдамдық жетіспейтінін, алайда олардың әр ойын сайын өсіп жатқанын айтты. «Барыс» қоржынындағы ұпай саны өзгеріссіз – 32 матчтан кейін 21 ұпай.
ЦСКА – «Барыс» матчы Астана уақытымен сағат 19:00-де басталады.
Кездесуді Qazsport және KHL Prime телеарналары тікелей эфирде көрсетеді деп жоспарланған.
«Барыс» ХК бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ
«Барыс» ХК серіктесі – «Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры» КҚ
Достарыңызбен бөлісіңіз
Войдите в профиль
Чтобы оставить комментарий войдите или зарегистрируйтесь
Достарыңызбен бөлісіңіз
Сілтемені көшіріп алыңыз немесе әлеуметтік желілерде бөлісіңіз.