«Барыс» тәрбиеленушілері Қазақстан жасөспірімдер командасының құрамында
22 Сәуір 2023

«Барыс» тәрбиеленушілері Қазақстан жасөспірімдер командасының құрамында

23-29 сәуір күндері Францияның Анже қаласында ІА дивизионда жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтеді. Қазақстан ұлттық құрамасы элиталық дивизионның жолдамасын Франция, Жапония, Дания, Венгрия және Украина құрамаларымен сарапқа салады. Ұлттық құрама бапкерлері турнирде ел намысын қорғайтын ойыншылар есімін атады. Құрама команданың капитаны болып Семен Симонов, ал Асанәли Русланұлы мен Глеб Решетько оның ассистенттері болып сайланды.

Қақпашылар: Владимир Истомин, Владимир Никитин (екеуі де – «Барыс», Астана), Руслан Какенов («Ястребы», Орал).

Қорғаушылар: Роман Большедворский, Аслан Жүсіпбеков, Глеб Решетько, Даниал Шакшакбаев (барлығы - «Барыс», Астана), Александр Ким («Эссят», Порин қаласы, Финляндия) Бейбарыс Оразов («Астана»), Рахат Оспанов (Онтарио хоккей академиясы, Корнуолл, Канада).

Шабуылшылар: Арыстан Амырканов, Артур Гросс, Кирилл Канкин, Владимир Корчагин, Егор Левковец, Денис Леута, Кирилл Ляпунов, Александр Мигунов, Асанәли Русланұлы, Семён Симонов, Никита Ситников (барлығы – «Барыс», Астана), Әділ Бейсембаев («Астана»), Давлат Нұркенов («Эссят», Порин қаласы, Финляндия).

Бас бапкер – Сергей Старыгин.

Бапкер – Алексей Обухов.

Бапкер – Георгий Верещагин.

Бапкер – Виктор Кисель.

Қақпашылар бапкері – Алексей Кузнецов.

 

Дереккөз – ҚХФ.

Достарыңызбен бөлісіңіз

Тағы көру

new-preview
Barys
Nomad

Номадтың бапкерлер штабы

new-preview
Barys

Талғат Китаров - Барыс БЖСМ директоры

new-preview
Barys

«Барыс» клубының маусым алдындағы дайындық жоспары