өмірбаяны
Тамирлан – елордалық хоккейдің тәрбиеленушісі.
2015 жылдан 2020 жылға дейін қорғаушы Солтүстік Америка хоккей лигаларында өнер
көрсетті. 2019/20 маусымда Гайтамиров элиталық дивизионда өткен әлем
чемпионатында Қазақстан жастар құрамасының капитаны болды. 2020 жылдан бастап «Барыс»
жүйесінің командалары үшін өнер көрсетеді. 2023 жылы Гайтамиров «Номадқа» ел
чемпионы атануға көмектесті.

